Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ҚоғамСаясат

РЕФЕРЕНДУМ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ДАУЫС БЕРДІ

Республикалық референдум барысында Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орналасқан 133 референдум учаскесінде дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

Аталған учаскеде тұрғындардың белсенділігі жоғары. Мұнда алғаш рет дауыс беріп жатқан жастардан бастап, аға буын өкілдері де келіп, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысуда.

Жалпы, Түркістан облысындағы референдум учаскелері қажетті барлық материалдық-техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілген. Референдумды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына облыс бойынша 6 380 комиссия мүшесі жұмылдырылған. Олардың 97 пайызының референдумдар мен түрлі деңгейдегі сайлау науқандарын өткізу тәжірибесі бар.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте «Жол қауіпсіздігі – ортақ міндет» атты флешмоб өтті

admin

ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ БОЙЫНДАҒЫ ПАТРИОТИЗМ – БОЛАШАҚҚА ДЕГЕН ШЫНАЙЫ ҰМТЫЛЫС

admin

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМДЫҚ ТАТУЛЫҚ ПЕН САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

admin

Пікір жазу