6 Желтоқсан, 2025. 17:18
Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Мәдениет

Түркістанда дүниежүзілік жазушылар күніне орай әдеби басқосу өтті 

Бүгін «Фараб» кітапханасында Дүниежүзілік жазушылар күніне орай «Әдебиет – руханияттың тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жиынға ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облысындағы өкілі Айдар Сейдазым, ақын Сайлаухан Жоланов, сондай-ақ жас ақындар Айгерім Жұмабаева, Бауыржан Ерман және Дәурен Тілеухан қатысты.
Кездесу барысында әдебиетке қызығушылық танытқан жастарға оқырман мен жазушының байланысы, қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің даму үрдістері секілді өзекті тақырыптар талқыланды. Ақындар өз шығармашылығынан үзінді оқып, әдебиет сүйер қауыммен еркін форматта пікір алмасты.
Әдебиеттің мәртебесін көтеретін, рухани құндылықтарымызды жаңғыртатын осындай басқосулар шығармашылық жандар үшін маңызды екені сөзсіз!

Ұқсас жаңалықтар

Елордада Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр

admin

Астанада 3 мыңнан астам оқушы қыз бір мезетте «Қамажай» халық биін биледі

admin

Ұлттық мәдениет, салт-дәстүр — тәрбие бастауы

admin

Пікір жазу