Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Мәдениет

Түркістанда «Алқоңыр» ансамблінің алғашқы концерті өтті

Түркістан қаласында «Конгресс холл» кешенінде «Alqonyr» фольклорлық ансамблінің Ұлыстың ұлы күніне арналған «Наурыз сазы» атты алғашқы концерті өтті. Концертте ұлттық музыкамыздың жауһары саналатын шығармалар, халық әндері орындалды.
Ансамбльге «Құрмет» орденінің иегері, Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Еркін Нұрымбетов дирижерлік етті. Сонымен қатар Қырғызстанның «Акак» комузшылар ансамблінің солисі Курманбек Жалил уулы ансамбльмен бірге өнер көрсетті.
Бұл кеште кешеннің «Jana lep» шығармашылық ұжымы мен «Samgau» би ансамбліде өнер көрсетіп, жеке ән орындауда Айдос Иманжаппаров, Мейірімхан Назархан, Асыл Жомарт пен Жанәділ Ақерке елдің зор ықыласына бөленді. Кештің көркемдік жетекшісі Мерей Маханов болса, музыкалық жетекші Венера Жұбайқызы. Ал топ меңгерушісі Кенжебек Пірмахан.
Айта кетейік, «Alqonyr» фольклорлық ансамблі 2023 жылдың күзінде құрылды. Ансамбль құрамында саз сырнайшы, төрт домбырашы, прима қобызшы, қыл қобызшы, екі баяншы мен дауылпазшы бар.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен тойлануда

admin

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА «АЛПЫСБАЙДЫҢ АЛПЫС ӘЗІЛІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘЗІЛКЕШТЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

admin

Түркістан төрінде әнші Сәкен Майғазиевтің ән кеші өтті

admin

Пікір жазу