6 Желтоқсан, 2025. 18:24
Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Мәдениет

Түркістан төрінде әнші Сәкен Майғазиевтің ән кеші өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» кешенінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Музарт» тобының әншісі, өңірдің тумасы Сәкен Майғазиевтің ән кеші өтті. Кеш иесінің 50 жас мерейтойына арналған шығармашылық концертке келушілер қосыла ән шырқап, мерейін асырды.
Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, мерейтой иесіне облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің арнайы құттықтау хатын табыстады. Сонымен қатар қазақ өнеріндегі алар орнын айрықша атап өтіп, ізгі лебізін білдірді.
Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков те кеш иесін құттықтап, ауданның дамуына қосқан үлесі үшін «Құрметті азамат» атағын табыстады. Елеулі еңбегін тілге тиек етіп, елдің сәлемін жеткізді. Шығармашылық табыс тіледі.
Әнші биыл 50 жылдық мерейтойын сүйікті тыңдарманымен бірге атап өтуді жөн санаған. Қазақстанның барлық өңірлерінде басталған шығармашылық кештер әлі де жалғасын таппақ. Түркі әлемінің орталығына айналған киелі қаладағы сапарында «Музарт» тобы мен Шахризада қонақ болып, қолдау білдірді. Концерт соңында қалың тыңдарманға алғысын жеткізді.
Айта кетейік, талант иесі 1993 жылы Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжіне түскен. «Соқпалы аспап және эстрада эншісі» бөлімінде дәріс алған. 1997 жылы Жүргенов атындағы «Өнер» академиясында білімін шыңдады. 2012 жылдан бастап өзі тәмамдаған колледжде ұстаздық етеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ 3 КӘСІБИ ТЕАТРДА 400-ДЕН АСА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАНҒАН

admin

Шымкентте Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған ісшара өтті 

admin

Түркістан облысында «Бала шешеннен – дана шешенге» атты республикалық байқау өтеді 

admin

Пікір жазу