Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
МәдениетШымкент

Шымкентте көктем мерекелеріне дайындық: Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамына арналған ісшаралар 

Шымкент қаласында көктемнің алғашқы мерекелері – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған дайындық басталып кетті. 8 наурызда Шымкентте «Арулар – асыл жандар» атты мерекелік концерт өтеді. Қала тұрғындарына арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламалар мен әйелдерге құрмет көрсету шаралары барысында, көпбалалы аналар мен әлеуметтік тұрғыдан мұқтаж азаматтарға бір реттік әлеуметтік төлемдер беріледі. Шымкентте көпбалалы аналар саны 67 741-ді құрайды, оның ішінде 13 805 әйел «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» марапаттарымен танылған.
Ал Наурыз мерекесі «Наурызнама» онкүндігімен басталады. 14 наурызда қала орталығында көрісу күнін өткізу, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу және ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Қайырымдылық күні аясында «Мейірім жүректен» акциясы өтеді, бұл шара барысында әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, «Қошқар ата сейілі» сияқты дәстүрлі ұлттық мерекелер мен жәрмеңкелер ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтары бірліктің символы болып табылатын мерекелерді бірге атап өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Әл-Фараби АПБ полициясы колледж студенттерімен құқықтық сауаттылықты арттыру шарасын өткізді

admin

Елдің келешегін кемелдендіруге бағытталған бастама

admin

Шымкент қаласында Наурыз мейрамы салтанатпен басталды

admin

Пікір жазу