Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
МәдениетШымкент

Шымкентте «Бірлігіміз жарасқан» атты мерекелік концерті өтті

Шымкент қалалық өзбек драма театрында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шара еліміздегі этносаралық бірлікті нығайтуға және мәдени көптүрлілікті насихаттауға бағытталған.
Концерт барысында түрлі этномәдени бірлестіктердің өнерпаздары өз өнерін ортаға салып, ұлттық би мен әсем әндерді орындады. Қатысушылар қазақ, өзбек, татар, орыс, кәріс және басқа да ұлттардың мәдени мұрасын таныстырып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, концерттің негізгі мақсаты – этносаралық достық пен келісімді нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ түрлі этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін кеңінен насихаттау.
Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі этностардың татулығы мен өзара түсіністігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Осындай мәдени іс-шаралар Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің нығаюына өз үлесін қосады.
Мерекелік кештің соңы барлық қатысушылардың ортақ ән орындауымен аяқталды. Бұл еліміздегі халықтардың достығы мен ынтымағының айқын көрінісі болды. Көрермендер жылы лебіздерін білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыс айтты.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас жаңалықтар

ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАЛАТАСЫМЕН БІРЛЕСІП АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША ӘЗІРЛЕДІ

admin

Түркістан қаласы ерекше мәртебеге сай дамиды 

admin

Қазақстан бойынша 1,8 миллионнан астам оқушы суды үнемдеп пайдалану тақырыбында ашық сабақтарға қатысты

admin

Пікір жазу