Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
МәдениетШымкент

Шаһардың шырайын кіргізген қойылым

Бүгін Шымкент қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтіп жатыр. Мерекелік шаралар таңертеңнен басталып қала тұрғындары мен қонақтары Наурыз мейрамына арналған 450 адамның қатысуымен өткен «Наурызнама» музыкалық-театрландырылған қойылым куәсі болды.
Сахнадағы мың бұрала билеген бишілер мен көмейінен бал тамған әншілердің өнерін тамашалаған жұрттың көңіл күйі ерекше көтеріңкі. Гала-концертте қазақ эстрадасының белгілі өкілдері мен Шымкент қаласының өнерпаздары өнер көрсетті. Бұдан бөлек «Астана» алаңының әр бұрышында ересектер мен балаларға арналған түрлі ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылған. Мәселен бір бұрышта балалар сайқымазақтардың өнерін тамашаласа, енді бірінде жауырыны жер иіскемес палуандар белдесіп жатты. Алтыбақан тепкендер де әсем ән мен тәтті күйдің ырғағына елітіп, әзілі жарасты.
Қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттен кейін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков алаңда тігілген киіз үйлерді аралады. Қала халқымен жүздесіп, арнайы қатысқан іс-шарада қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінің бірі – тұсау кесу рәсімін өткізді. Шаһар басшысы 12 бүлдіршіннің тұсауын кесіп, сәбилерге ақ жол тіледі.
«Астана» алаңында мереке аясында мәдениетіміздің асыл қазынасына айналған киіз үйлер тігіліп, этноауыл жасақталды. Мәдениетіміздің асыл қазынасы саналатын ұлттық салт-дәстүрлер мен тарихымызды дәріптейтін көрмелер қойылды. Іс-шара барысында ертегі әлемінің кейіпкерлері мен Шымкент цирк әртістері таңғажайып қойылымдар көрсетіп, ұлттық спорт ойындарының сайыстары өтті.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас жаңалықтар

ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАЛАТАСЫМЕН БІРЛЕСІП АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША ӘЗІРЛЕДІ

admin

Азаматтарды қабылдау: 100-ден астам өтініш қаралды 

admin

Шымкентті көгалдандыру: қаланы жасыл аймаққа айналдыру жобалары 

admin

Пікір жазу