Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Мәдениет

Адал азамат тәрбиелеу – аға буынға міндет

Бүгін Шымкенттегі «Достық үйінде» қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев ашып, жүргізген жиында кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары мен Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын ұйымдастыру мен өткізуге арналған іс-шаралар жоспарында межеленген іс-шараларға атсалысу жайы пысықталды.

Кеңес мүшелері, мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов, Еркін Сатқанбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев және Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің басшысы, Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ жетекшісі Қайрат Анарбаев, қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы Сәкен Жаңабаев сөз сөйлеген жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Адал азамат», «Салауатты сана» жобаларын іске асыру және «Ақсақалдар – ұлттық құндылықтар мен ұрпақтар сабақтастығының басты жанашыры» тақырыптары аясында ұсыныстар мен ой-пікірлер айтылды.

Қалалық ҚХА жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Ақсақалдар кеңесі азаматтарды қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтары төңірегінде шоғырландыруға жәрдемдесу, азаматтар, мемлекеттік және қоғамдық институттар арасындағы сындарлы коммуникациялар мен өзара іс-қимылды нығайту, жастар арасында патриотизм идеяларын ілгерілету және патриоттық тәрбие беру, қоғамдық келісімді нығайту мәселелері жөніндегі диалогты ұйымдастыруға жәрдемдесу сынды бірқатар міндеттер аясында қоғамдық негізде әрекет етеді.

#ҚХА30жыл #30летАНК

Ұқсас жаңалықтар

Астанада 3 мыңнан астам оқушы қыз бір мезетте «Қамажай» халық биін биледі

admin

Түркістан қаласы ерекше мәртебеге сай дамиды 

admin

Түркістан облысында Наурыз мейрамы 10 күн бойы аталып өтпек 

admin

Пікір жазу