Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Қоғам

Жазасын өтеушілерге келген сәлем-сауқаттар арасында есірткі заттарының болуына рейд жүргізілді

Шымкент қаласының полицейлері түзеу мекемелері әкімшілігінің өкілдерімен бірлесіп қамаудағыларға келіп жатқан сәлемдемелерде есірткі құралдарының болуына рейд жүргізді.
Кезекті іс-шара Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №54 мекемесінде өткізілді. Оған Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Кинологиялық қызмет орталығының кинолог-маманы және «Аша» лақап атты қызметтік іздестіру иті қатысты.
Іс-шараның мақсаты – бас бостандығынан айыру орнына тыйым салынған заттардың жеткізілуін болдырмау, заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу болып табылады. Тексеру кезінде сотталғандарға алып келінген жеке заттардың, тамақ өнімдерінің ішіне есірткі немесе заңға қайшы басқа да заттардың болуына мұқият қарау жүргізілді. Қызметтік ит және арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, есірткі заттарын немесе оларды пайдалануға ықпал ететін заттарды табуға бағытталған егжей-тегжейлі тексерулер өтті.
Рейд нәтижесі бойынша тыйым салынған заттар табылған жоқ, алайда ұйымдастырушылар тұрақты бақылаудың маңыздылығын атап көрсетті. Мұндай іс-шаралар есірткінің түзеу мекемелеріне енуіне жол бермейді және қауіпсіздікті нығайтады. Сондай-ақ, тәртіпті сақтауға ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар кез-келген заңсыз әрекеттердің қатаң жолын кесетінің түсінуге көмектеседі.
Тұрақты рейдтер мен бақылау шараларының арқасында құқық қорғау органдары түзеу мекемелерінде тәртіп орнатуға күш салып, заңсыз әрекеттердің алдын алу жолында маңызды жұмыстар жүргізуде. Бұл шаралар қоғамның қауіпсіздігі мен әділдік жүйесін қорғауда үлкен рөл атқарады. Және, әрине, заңсыз есірткі айналымын тоқтату арқылы жазасын өтеушілердің психологиялық және әлеуметтік жағдайын бақылауда ұстау маңызды.

Бұл шаралар түзеу мекемелеріндегі тәртіпті нығайтып, есірткі заттарының таралуын тоқтатуға ықпал етеді. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін мұндай рейдтердің маңызы зор.

Ұқсас жаңалықтар

ҚОМАҚТЫ ИНВЕСТИЦИЯСЫЗ ӨРКЕНДЕУ ЖОҚ

admin

Жастар жасампаз болуы қажет

admin

«ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ»: ШЫМКЕНТТЕ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БАҒЫТТАЛҒАН КЕҢ АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

admin

Пікір жазу