Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Қоғам

Синтетикалық есірткі – жас ұрпаққа қауіп

Кез-келген ата-ана балаларының болашағына, олардың әртүрлі зиянды заттардың әсерлерінен келетін қауіпке бей-жай қарамауы керек. Біздің ортақ мақсатымыз – жасөспірімдер арасында нашақорлықтың таралуына жол бермеу, олардың есірткі ортасына түсіп кетпеудің алдын алу.
Осы орайда, аталған мақсатта Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері Қаратау ауданындағы №114 мектепке барып, жоғары сынып оқушыларымен кездесті.
Іс-шараға Шымкент қаласы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков және Есірткі құқық бұзушылығының профилактикасы жөніндегі кеңес мүшесі Бахадыр Бекарыс қатысты.
Олар оқушылармен тәлім-тәрбиелік сұхбат жүргізіп, құқық бұзушылық және тәртіп бұзушылық жол бермей, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын дұрыс ұстануға және бос уақытын тиімді пайдаланып, жан-жақты дамуға шақырды.
Сонымен қатар, қылмыстық жауапкершілік жасын түсіндіріп, оның ауыр зардаптарға алып келетінін, болашақта жақсы азамат болу үшін мектеп кезінен бастап үлгілі тәртіп және білімімен ерекшелену қажеттілігін жеткізді.
Адамның өмірі мен денсаулығы, құқықтары мен бостандығынан асқан ешқандай қымбат дүниелердің жоқтығын атап өтіп, қауіпсіз қоғам құру еліміздің әрбір азаматының міндеті екеніне тоқталды.

Синтетикалық есірткілердің ең үлкен қауіптілігі – олардың құрамындағы химиялық заттардың адам ағзасына тез және қайтымсыз әсер етуінде. Мұндай заттарды қолдану нәтижесінде психикалық тұрақсыздық, тәуелділік, тіпті өлім жағдайлары жиі кездеседі. Сондықтан, жастарға бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсіндіру – бүкіл қоғамның жауапкершілігі.

Мұндай кездесулер оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Балалардың болашағына бей-жай қарамай, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру – ұстаздар мен ата-аналардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ парызы.

Жас ұрпақтың денсаулығы мен болашағы үшін бүгінгі күнде күрес жүргізу маңызды. Әрбір жас адамның дұрыс таңдау жасауына ықпал ету, оларға есірткі сияқты зиянды заттардың әсерінен қорғанудың жолдарын үйрету – біз үшін ең басты міндет. Сондықтан, мұндай шаралар әрі қарай да жалғасып, жастар арасында теріс әдеттердің алдын алу мақсатында ұдайы ұйымдастырылып тұруы тиіс.

 

Ұқсас жаңалықтар

Послание – 2024: как ведётся масштабная модернизация топливно-энергетического комплекса

admin

Шымкентте «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

admin

Алматы хайуанаттар бағы рекорд орнатты

admin

Пікір жазу