Түркістан облысының Полиция департаменті құрылғалы әр салада абыройлы қызмет етіп жүрген шенді аруларымыз жетерлік. Солардың бірі Департамент бойынша әйелдер арасындағы алғашқылардың бірі болып «полиция полковнигі» шенін алған Жанна Балтабайқызы Орманова.
Тұрақтылықты ту еткен Жанна Балтабайқызы өзінің қызмет жолын Шымкент қалалық Полиция департаменті Штаб басқармасының инспекторы лауазымынан бастаған. 18 жылдық еңбек өтілінен соң жаңадан құрылған Түркістан облысы Полиция департаментіне Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасына қызметке орналасты.
Қазіргі таңда аталған басқарманың аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі лауазымында жұмыс жасап, өз саласының үздігі атануда. Қызметке деген адалдығының арқасында ҚР ІІМ мен Департамент басшылығы тарапынан 60-тан астам грамота мен алғыс хаттармен марапатталған Жанна Орманова, 2024 жылы 7 мамырда ІІМ-нің нұсқауына сәйкес өзінің кезекті «полиция полковнигі» шенін алды.
Жұбайы да ішкі істер саласында еңбек еткен зейнеткер. Болашақта ұлдарының да құқық қорғау саласында қызметке орналасып, ата-ана жолын жалғастырғанын қалайды.
Ендеше Жанна Балтабайқызын 8-наурыз мерекесімен құттықтай отырып, жанұясына амандық, қызметіне сәттілік тілейміз!
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі