Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Қоғам

Қауіпсіздік — Сән емес, Ақыл

Қазіргі кезде жастар арасында көлікті «дрифт жасап, маневр істеп» айдау — біртүрлі қызығушылық немесе «понт» ретінде қарастырылатын жағдай. Бірақ бұл бірнеше минуттық ләззаттың артында қаншама үлкен қауіп тұрғанын ешкім ойламайды. Осылайша жолдағы тәртіпсіздік, мейлі ол ойын болсын, мейлі сезім мен эмоциялардың әсерінен туындасын, басқа адамдардың өміріне қауіп төндіреді.

Жолда жүрген әрбір адамның өз мақсаты, өз күнделікті шаруасы бар. Біреу үйіне қайтып барады, біреу баласын балабақшадан алып келеді, енді біреуі жұмысқа асыққан. Сенің «понт айдаймын» деген әрекетің — осы адамдардың өміріне төніп тұрған қауіпті көзқарас. Бір секундтық қателік — бір адамның тағдырына әсер етіп, жазылмас жарақатқа немесе өмірінің өзгеруіне себеп болуы мүмкін.

Апаттың қандай салдармен аяқталатынын ешкім алдын ала болжай алмайды. «Мен профи айдаймын» деп ойлағандар да түрлі апаттардан зардап шекті. Өйткені, жол апатының уақыты мен орын алуы — сен кімсің, қалай айдайсың деп сұрамайды. Ол жай ғана келеді, ешбір ескертусіз. Әрбір маневр, әрбір жылдамдық — үлкен жауапкершілік.

Көше — спортзал емес, қала — жеке аренан емес. Ол — бәріміздің ортақ кеңістігіміз. Егер «понт» керек болса, оны білімде, спортта, кәсібіңде немесе басқа салаларда көрсету керек. Бірақ жолда, көліктің рөлінде бұндай әрекеттердің ешқандай қажеті жоқ. Өйткені дрифт жасап, қауіпті маневрлермен ешкім адам болып кеткен жоқ.

Заң бар, ереже бар, және оларды сақтау — өзіңнің және айналаңдағы адамдардың өміріне деген құрметің мен жауапкершілігің. Өмірде ештеңе маңызды емес, тек қауіпсіздік пен тұрақтылық. Жолда, көлікте абай болу — бұл тек өзіңнің өміріңді қорғап қана қоймай, айналаңдағы адамдардың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Өмір бір-ақ рет беріледі, сондықтан әр сәтті бағалап, қауіпсіздікке мән беру маңызды. Егер тірі жүрсең, бәріне үлгересің. Ал егер бұл маңызды ережелерді елемей, бір сәттік ләззат үшін қауіпті жолға түссең, оның соңында өкініш қана қалуы мүмкін. Сондықтан жолда абай бол. Өміріңді, айналаңдағы адамдардың өмірін сақта, және әрқашан өз қауіпсіздігіңді бірінші орынға қой.

Қауіпсіздік — сән емес, ақыл мен жауапкершілік.

Ұқсас жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ПАРЛАМЕНТТІК РЕФОРМА ЖАСАУ ТУРАЛЫ БАСТАМА КӨТЕРДІ

admin

Үй жағдайында тағамнан уланудың алдын алу 

admin

АШЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

admin

Пікір жазу