Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Қоғам

Ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік: Қоғамдық қауіпсіздіктің негізі

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Мерейлі 30 күн» жобасы аясында «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Отбасы құндылығы: кеше және бүгін» тақырыбында ашық есік күні өтті.
Шараның басты мақсаты – отбасы институтын нығайту, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты арттыру, сондай-ақ қоғамда отбасы құндылықтарын кеңінен дәріптеу болды.
Іс-шараға Әжелер кеңесі, Әділет басқармасы, Жас отбасылар кеңесі, медиаторлар, орталықтың заңгерлері, «Аманат» партиясының өкілдері, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары мен Полиция департаменті бөлімшесінің қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға отбасылық құқық, әлеуметтік қолдау шаралары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және тұрмыстық жанжалдарды шешу жолдары бойынша жан-жақты кеңестер берілді. Мамандар құқықтық, әлеуметтік және психологиялық бағытта көмек көрсетіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Шара аясында отбасының қоғамдағы орны, ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі және ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.
Кездесу соңында барлық қатысушылар бір-біріне алғыс айтып, отбасы – қоғамның берік іргетасы екендігін тағы бір мәрте атап өтті. Мұндай іс-шаралар ел ішіндегі бірлікті нығайтып, болашақ ұрпақ тәрбиесінде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
Бұдан бөлек, жастар арасындағы қоғамдық қауіпсіздік мәселесі де өте өзекті болып тұр. Отбасы құндылықтары мен тәрбие арқылы жастарымыздың рухани және моральдық өсуіне ықпал етіп, оларды құқық бұзушылықтардан аулақ ұстау маңызды. Қазіргі қоғамда тәрбие мен білімнің бірігіп, жастардың дұрыс бағытта қалыптасуына әсері зор. Осыған байланысты мемлекет пен қоғам бірлесе отырып, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру және салауатты өмір салтына баулу үшін түрлі шаралар қабылдауда.
Жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды заңсыз әрекеттерден қорғау және отбасылық құндылықтарды насихаттау – бүгінгі таңда ең маңызды мәселелердің бірі. Бұл бағытта қоғам мен мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстар болашақ ұрпақтың дұрыс жолда жүруіне зор үлес қосатыны сөзсіз.
Отбасы құндылықтарын нығайту және жастарды тәрбиелеу арқылы қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болады.

Ұқсас жаңалықтар

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМДЫҚ ТАТУЛЫҚ ПЕН САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

admin

Бірлік пен достық – қоғам тұрақтылығының тірегі

admin

АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТІРЕГІ

admin

Пікір жазу