Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Қоғам

«ӘЙЕЛ. ҚҰҚЫҚ. ҚОРҒАНЫС»: НӘЗІК ЖАНДЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК КУРСЫ БАСТАЛДЫ

А.С. Пушкин атындағы Шымкент қалалық әмбебап кітапханасында әйелдерге арналған “ӘЙЕЛ. ҚҰҚЫҚ. ҚОРҒАНЫС” атты бес күндік өзін-өзі қорғау курсының алғашқы күні өтті.
Аталған курс семинар-тренинг форматында ұйымдастырылып, қатысушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, оның психологиялық және құқықтық салдары, сондай-ақ медиация ұғымы мен оның қолдану аясындағы өзекті мәселелер бойынша теориялық және практикалық ақпарат ұсынылды.
Курсқа қатысушылармен психолог, ағартушы, жеке кәсіпкер, педагог-тренер Боранбек Алтынбек Срайылұлы және заңгер, кәсіби медиатор Кесебай Айжан Өмірзаққызы арнайы кездесу өткізіп, өз салалары бойынша маңызды әрі мазмұнды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар үшін шағын кофе-брейк ұйымдастырылып, еркін пікір алмасуға жағдай жасалды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, өзін-өзі қорғау дағдыларын қалыптастыру және қауіпсіз, қорқынышсыз өмір сүруіне қолдау көрсету.
Бес күнге жоспарланған курс аясында ертеңнен бастап қатысушылар үшін арнайы практикалық сабақтар өтеді. Жаттығу сабақтары барысында әйелдер нақты қорғану әдістерін үйреніп, өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын меңгеретін болады.
Курс барысында қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен онымен күресу әдістері туралы мол тәжірибе жинақтайды. Бұл шаралардың басты мақсаты – әйелдерге өз құқықтарын қорғауға, кез келген жағдайдан шыға білуге, сондай-ақ әрқашан қауіпсіз әрі сенімді болуға мүмкіндік беру. Жаттығулар барысында нақты өмірден алынған мысалдар мен шұғыл әрекет етудің жолдары қарастырылып, әйелдердің өзін-өзі қорғау қабілеттерін арттыруға бағытталған практикалық дағдылар беріледі.
Сонымен қатар, курс аясында қатысушылар психологиялық тұрғыдан да дайындалуда, өйткені кез келген зорлық-зомбылықтың салдары тек физикалық емес, сонымен қатар психологиялық тұрғыдан да ауыр болады. Психологтар мен заңгерлер әйелдерге қауіпсіздік шараларын ұстану, құқығын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тиімді шараларды қолдануды үйретеді. Бұл шаралардың мақсаты – әйелдерге тек құқықтық көмек көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар оларды рухани жағынан қолдап, қиын жағдайдан шығуға мотивация беру.

Ұқсас жаңалықтар

ҚОМАҚТЫ ИНВЕСТИЦИЯСЫЗ ӨРКЕНДЕУ ЖОҚ

admin

АШЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

admin

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ МЕН КИБЕРҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ МІНДЕТ

admin

Пікір жазу