Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпарат

Жұмысшы мамандықтары жылы – еңбек адамына құрмет

Қазіргі заман – технология мен жасанды интеллект дамыған дәуір. Экономика мен қоғамның жаңғыруы ең алдымен адам капиталының сапасына байланысты. Сол себепті елімізде цифрландыру, білім беру және еңбек нарығын жетілдіру бағытында үлкен реформалар қолға алынуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өткендей, экономиканы жан-жақты цифрлық жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға жаңа міндеттер жүктейді.

Жаңа дәуірдің басты талабы – бәсекеге қабілетті, заманауи технологияларды меңгерген, өз ісінің шебері болу. Осы мақсатта мемлекет жастарды білім мен еңбекке баулу ісіне басымдық беріп отыр. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жүздеген жаңа мектеп салынуда. Сонымен бірге «Qazaq Digital Mektebi» платформасы ауылдағы балаларға сапалы білім алуға мүмкіндік бермек. Ал «Al-Sana» бағдарламасы арқылы мыңдаған студент жоғары технологиялық жобаларға қатысып, болашақ инновациялық маман ретінде қалыптасуда.

Алайда ел экономикасын алға сүйрейтін тек ғалымдар мен IT-мамандар ғана емес, өндірістегі, ауыл шаруашылығындағы, құрылыс пен қызмет көрсету салаларындағы еңбек адамдары екенін ұмытпауымыз керек. Сол себепті Мемлекет басшысы 2025 жылды – «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Бұл – қарапайым еңбек иелерінің қоғамдағы беделін арттыруға бағытталған тарихи шешім.

Бүгінде елімізде мыңдаған жұмыс орны бос тұр. Жалақысы жоғары инженерлер, құрылысшылар, механизаторлар мен дәнекерлеушілер тапшы. Ал кей жастар өз мамандығы бойынша еңбек етудің орнына, уақытша табыс табуға ұмтылады. Мұндай үрдіс ұлттық өндірістің дамуына кері әсерін тигізеді. Сол үшін мемлекет жұмысшы мамандықтарын насихаттап, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртуда.

Еңбек адамы – елдің тірегі, экономиканың жүрегі. Инновация мен өндіріс қатар дамуы үшін білікті кадр қажет. Еңбек еткен адам өз өмірін де, қоғамды да өзгертеді. Сондықтан әрбір жас маман өзінің кәсібін мақтан тұтып, ел игілігі үшін аянбай еңбек етуі керек.

Мемлекет жұмысшы мамандарға лайықты жалақы, әлеуметтік қорғау мен мансаптық өсу мүмкіндігін қамтамасыз етуге күш салып отыр. Бұл өз кезегінде жастарды нақты экономика саласына тартуға жол ашады.

Президент айтқандай, еліміздің болашағы – “сапасы жоғары адами ресурстарда”. Яғни білімді де еңбекқор азаматтар ғана елдің өркендеуіне үлес қоса алады. Еңбек ету – тек табыс табу емес, ел дамуына қосқан үлес, ұлт мерейін арттыру.

Сондықтан «Жұмысшы мамандықтары жылы» – тек атаулы жыл емес, қоғам санасын өзгертуге бағытталған үлкен бастама. Бұл жыл – еңбек адамын ұлықтау, шынайы кәсібилікті дәріптеу және әрбір азаматты өз ісіне жауапкершілікпен қарауға шақыру жылы болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Жаһандық басқару бастамасы: Ғаламдық қауіпсіздік пен әділдікті қалыптастыру жолында

admin

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

admin

Түркістан облысында заңның үстемдігі мен әділетті қоғам құру бастамалары Заңның үстемдігі – мемлекет тұрақтылығының кепілі

admin

Пікір жазу