Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпарат

Түркістанда заң мен тәртіп қағидаты аясында кешенді профилактика жүргізілуде

Түркістан облысында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті нығайту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы ережесін сақтау – басты назарда

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында өңір аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілердің тәртіп мәдениетін арттыру мақсатында рейдтік шаралар өткізілді.

Рейд барысында 334 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталып, 45 автокөлік айыптұраққа қойылды. Сондай-ақ екі жүргізуші мас күйінде көлік басқарғаны үшін жауапқа тартылды.

Сонымен қатар облыста өткен «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 1 700-ден астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Тәртіп сақшылары жүргізушілермен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жолда абай болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.

«Жол қозғалысы ережесін сақтау – әр жүргізушінің борышы. Бұл өз өмірін және өзгенің өмірін қорғау деген сөз», – дейді облыстық полиция департаменті өкілдері.

Жастармен кездесу және құқықтық тәрбие

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында полицейлер мен ішкі істер органдарының ардагерлері өңір мектептерінде кездесулер өткізді. Шараларға 2 мыңнан астам оқушы қатысып, заңға құрметпен қарау, өз ісіне жауапкершілікпен қарау және тәртіпті сақтау тақырыптарында пікір алмасты.

«Бүгінгі жастар – елдің ертеңі. Олардың заңды құрметтеуі мен тәртіпті сақтауы – қауіпсіз қоғамның негізі», – деді Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Қаржаубайұлы.

Кездесулер барысында оқушыларға буллинг, интернет-алаяқтық, нашақорлық пен лудоманияның зияны туралы бейнероликтер көрсетіліп, құқық бұзушылықтың салдары түсіндірілді.

Интернет-алаяқтықтың алдын алу

Түркістан қаласында интернет кеңістігінде жасалатын алаяқтық әрекеттердің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Полицейлер тұрғындарға күмәнді хабарламаларға сенбеу, жалған инвестициялық платформаларға кірмеу, жеке және банк деректерін ешкімге бермеу туралы кеңес берді.

Азаматтарға тек ресми дереккөздерге жүгіну қажеттігі ескертіліп, интернет қауіпсіздігін сақтау жөнінде жадынамалар таратылды.

Заң мен тәртіп – тұрақты қоғам кепілі

Түркістан облысында жүргізіліп жатқан бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты мақаласында айтылған міндеттермен үндес.

Құқық қорғау органдары алдағы уақытта да құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін сақтау және заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береді.

Ұқсас жаңалықтар

ЕЛІМІЗДІҢ КАДРЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

admin

БАҚЫТТЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ

admin

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӘДІЛДІКТІҢ НЕГІЗІ

admin

Пікір жазу