Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫЛАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін қасиетті Түркістан қаласында Қазақстан, Мажарстан және бес түркі мемлекетінің – Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Түрікменстан прокуратураларының өкілдері қатысқан Мемлекеттік айыптаушылардың алғашқы Халықаралық форумы өз жұмысын бастады.

Іс-шараның салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов қатысып, форумның ұлттық сот төрелігі жүйесін дамыту мен халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.

Тәжірибе алмасу мен ынтымақтастық алаңы

Берік Асылов өз сөзінде форумның түрлі елдердің мемлекеттік айыптаушыларына тәжірибе алмасуға және құқық қорғау органдары арасындағы өзара байланысты күшейтуге зор мүмкіндік беретінін айтты.

«Бүгінгі форумның басты мақсаты – шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз етудегі халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Бұл алаң барлық қатысушы мемлекеттердің құқықтық жүйелерін жетілдіруге және әділдік қағидатын нығайтуға ықпал етеді», – деді Бас Прокурор.

Құттықтау сөздер мен пікірлер

Форум қатысушыларына Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі Ерлан Жиенбаев пен Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев те құттықтау сөздерін арнап, іс-шараның өзектілігі мен халықаралық маңызын атап өтті.

«Заң және Тәртіп» қағидаты – форумның өзегі

Форум аясында Қазақстанның тәжірибелі мемлекеттік айыптаушылары құқықбұзушылықтарға нөлдік төзімділік, жазаның бұлтартпастығы және құқықтық тәртіпті нығайту бағыттарында өз тәжірибелерімен бөліседі.
Бұл бағыттар «Заң және Тәртіп» идеологиясының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және құқықтық жүйені күшейтуге, мемлекеттік айыптау институтының тиімділігін арттыруға бағытталған.

Бас Прокурор Берік Асылов атап өткендей:

«Мемлекеттік айыптау институтын дамыту әлемдік үрдістер мен жаһандық үдерістерді ескермей мүмкін емес. Халықаралық тәжірибе мен үздік практикаларды зерделеу ұлттық тәсілдерді жетілдіруге және олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді».

Форум бағдарламасы

Екі күнге жоспарланған форум барысында қатысушылар адам құқықтарын қорғау, құқықтық саладағы цифрландыру, жаңа технологияларды енгізу, оқыту тренингтері, сондай-ақ интерактивті сауалнамалар мен викториналар форматындағы сессияларға қатысады.

Форумның қорытындысы құқықтық жүйені жаңғырту, әділеттілікті қамтамасыз ету және халықаралық құқықтық ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Президенттің Нью-Йорк қаласындағы кешегі жұмыс кестесі жоғары деңгейдегі мазмұнды кездесулерге толы болды

admin

КЕЛЕШЕК КӨКЖИЕГІ

admin

Қасым-Жомарт Тоқаев «Shymkent City» саябағын аралап көрді

admin

Пікір жазу