Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпарат

Түркістан облысындағы көші-қон деректерімен бөлісуге бағытталған семинар

Түркістан қаласы, 2 қазан 2025 ж. — Қазақстандағы Халықаралық Көші-Қон Ұйымы (ХКҚҰ) Ұтқырлықты Қадағалау Матрицасының (МТМ) соңғы зерттеу нәтижелерімен бөлісу мақсатында Түркістан облысы бойынша өзінің облыстық деңгейіндегі ең бірінші семинарын өткізді. Аталған іс-шараға 30-дан астам мемлекеттік органдар, азаматтық қауымдастық және жеке сектор өкілдері қатысты. Семинардың ресми бөлімі Түркістан қаласы әкімдігінің атынан келген Сәрсенбаев Ғаппар мырзаның және Қазақстандағы ХКҚҰ-ның МТМ жобасы бойынша субаймықтық бағдарлама үйлестірушісі Султани Сабурдың алғы сөзімен ашылды. Өз сөздерінде олар көші-қон мәселелерін басқаруда және оған қатысты саясатты жоспарлауда құнды деректердің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Семинар барысында Казақстандағы ХКҚҰ-ның субаймықтық жоба маманы — Ганбат Герелтогтох ханым Қазақстан және Орталық Азия бойынша МТМ-нің жүргізіп жатқан жұмыстарымен таныстырып өтті. Одан бөлек, ХКҚҰның жоба маманы — Қадырқұл Ділбар Түркістан облысы бойынша жүргізілген соңғы зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша, Түркістан облысы маусымдық жұмысшы мигранттардың көптеп шоғырланатын негізгі орталықтарының бірі болып табылатындығы анықталған болатын. Жұмысшы мигранттардың көп бөлігі негізінде оңтүстік ауыл шаруашылық аймақтарында және Өзбекстан елімен шекаралас аймақтарда өмір сүреді деп топшыланған болатын. Жүргізілген есеп бойынша, 2022 және 2024 жылдар аралығында Түркістан облысында шамамен 96 582 басқа елдерден келген жұмысшы мигранттар және 1 496 елге қайта оралған мигранттар өмір сүрген. 2024 жылдың өзінде 20 830 ішкі мигранттар тіркелген болатын. Сол кезеңде Қазақстанның 370 азаматы Түркістан облысынан басқа елге көшкен эмигрант ретінде тіркелген. Өзге елге көшетін эмигранттардың көп бөлігі (81%) Ресей Федерациясына көшкендігі анықталды.

Сонымен қатар, семинар кезінде қатысушылар арасында нақты деректерге негізділген көші-қонды басқаруды нығайтуға, мигранттардың қауіпсіздік деңгейін көтеруге және олардың инклюзиясына қатысты бірқатар тақырыптарға қатысты интерактивті топтық пікіралмасулар өтті.Аталған семинар ХКҚҰ-ның Қазақстанда зерттеу нәтижелерімен бөлісуге бағытталған семинарлар сериясының Астана (2024 ж. шілде) және Алматы (2025 ж. мамыр) қалаларында өткізілген семинарлардан кеінгі үшінші семинары болды. Бұл іс-шара Қазақстандағы және Орталық Азиядағы көші-қонды деректерге негізделе отырып, қауіпсіз түрде, реттелген және гумандық тұрғыда  басқаруды қамтамасыз етуге ықпал ететін тәсілдерді алға тартуға жасалған тағы бір қадам болды деп айтуға болады.

Семинар ХКҚҰ-ның Швейцарияның Даму және Ынтымақтастық бойынша Агенттігінің қолдауымен жүзеге асып жатқан “Оратлық Азиядағы Еңбек Көші-Қоны” атты және Еуропалық Одақ қолдауымен жүргізіліп жатқан “Көші-Қон талдауына және саясатына арналған аймақтық деректер (REMAP)” атты бағдарламалары аясында өткізілді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ БЕЛСЕНДІ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

admin

2025 жыл – Жұмысшы мамандықтары мен адами капиталды дамыту жылы

admin

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысының барысымен танысты

admin

Пікір жазу