Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпарат

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ — ӘР АЗАМАТТЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰҚЫҒЫ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

📍 Сайрам ауданы, 2025 жыл, 5 қазан

              Бүгін Сайрам ауданында өтіп жатқан әкім сайлауына Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық өкілдігінің төрағасы Надыржан Хасантаев та қатысып, өз таңдауын жасады.

Надыржан Хасантаевтың айтуынша, аудан әкімін тікелей халық сайлауы – елдің демократиялық даму жолындағы маңызды қадамдарының бірі.

— «Сайрам ауданы тұрғындары бүгін аудан әкімін тікелей халық сайлауымен таңдап жатыр — бұл жергілікті басқару жүйесінде үлкен демократиялық қадам. Бұрын мұндай деңгейдегі әкімдерді мәслихаттар немесе жоғары тұрған органдар тағайындайтын, ал енді халықтың даусы шешуші рөл атқарады», — деді Н. Хасантаев.

          Оның пікірінше, мұндай өзгерістер тұрғындардың өз аймағының дамуына деген жауапкершілігін арттырып, жергілікті билік пен қоғам арасындағы сенімді нығайтады.

🗳️ #ӘКІМСАЙЛАУЫСАЙРАМ2025
🗳️ #САЙРАМСАЙЛАУ2025
🗳️ #МенДауысБеремін
🗳️ #Ауданүшінтаңдаужасадым
🗳️ #Сайлауғабардым

Ұқсас жаңалықтар

Елімізге қомақты инвестиция тарту керек.

admin

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді

admin

Халықаралық Көші-Қон Ұйымы Түркістан облысында көші-қон үдерістерін талқылау бойынша алғашқы аймақтық семинар өткізді

admin

Пікір жазу