Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және Кентау қаласы әкімдігінің қолдауымен Kentau қаласының Орталық алаңында республикалық «AL-FARABI» интеллектуалды ойыны өтуде.
Ауқымды іс-шараның ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Алтаев Ертай Кенжебекұлы қатысып, зияткерлік ойынды ресми түрде ашып берді. Ол өз сөзінде жастардың білімге деген қызығушылығын арттыратын мұндай жобалардың маңызы зор екенін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Биылғы зияткерлік дода бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілді. Ой жарысына 500 команда тіркеліп, 2500 жас бас қосты. Бұл — ойын тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Нәтижесінде жоба ауқымы кеңейіп, рекордтық деңгейге жетті.
Қатысушылар білім мен логикалық сайыста өзара бәсекелесіп, алаңда тартысты дода өрбітіп жатыр.
Жеңімпаз командалар 3 миллион теңге көлеміндегі жүлде қорын иеленеді. Бұл — зияткер жастардың әлеуетін танытып, жаңа белестерге жол ашатын ауқымды алаң.
