Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпарат

Президент Жолдауындағы үндеу – жастарға бағытталған сенім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында жастардың тәрбиесі мен жауапкершілігіне айрықша назар аударып келеді. Президент атап өткендей:

«Заң үстемдігі мен әділдік – мемлекет тұрақтылығының кепілі. Әрбір азамат, әсіресе жастар, өз құқығын білуімен қатар, қоғам алдындағы міндетін де сезінуі тиіс. Бізге білімді ғана емес, заңға бағынатын, жауапкершілігі жоғары ұрпақ қажет».

Бұл ой дөңгелек үстелдің мәнін аша түсті. Шараға қатысқан жастар Президенттің осы сөзін өмірлік ұстаным ретінде қабылдау керектігін айтты. Себебі елдің болашағы — құқықтық сауатты, әділдік пен заңдылықты ту еткен жастардың қолында.

Жастар ресурстық орталығының мамандары өз сөзінде құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары тек жазалау шарасымен шектелмей, ең алдымен тәрбиелік және ағартушылық бағытта жүргізілуі қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, іс-шарада «Жолда жүру мәдениеті», «Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі», «Кибербуллинг пен интернет алаяқтық» тақырыптарында бейнероликтер көрсетіліп, ашық пікірталас ұйымдастырылды.

Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, құқықтық білімнің өмірдегі маңызын түсіндірді.

«Заң мен тәртіп» тақырыбындағы бұл кездесу жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтық жауапкершілігін күшейтуге және Президент Жолдауындағы қағидаларды іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталды.

Осындай шаралар қоғамда құқықтық сана мен заңды құрметтеу мәдениетін қалыптастырып, ел болашағына сенімді, әділетті ұрпақ тәрбиелеуге зор үлес қосатыны сөзсіз.

Ұқсас жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

admin

Жаһандық басқару бастамасы: Ғаламдық қауіпсіздік пен әділдікті қалыптастыру жолында

admin

ӘЖЕЛЕР ДАУЫС БЕРУДЕ

admin

Пікір жазу