Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпарат

НӨЛДІК ТӨЗІМДІЛІК – ЗАҢ МЕН ТӘРТІП КЕПІЛІ

Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру – Әділетті Қазақстан құрудың басты шарты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, мемлекеттің тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіздігі әр адамның жауапкершілігіне, заңға құрметіне және құқықтық мәдениетіне тікелей байланысты.

Қазіргі таңда цифрлық технологиялардың жаппай дамуы жаңа қауіптер мен алаяқтық түрлерін тудырып отыр. Сондықтан халықтың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыру – уақыт талабы. Осы бағытта жүзеге асып жатқан «Amanat» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы – азаматтардың өз қаражатын дұрыс басқаруға және саналы тұтынуға үйретудің тиімді тетігіне айналды. Былтыр жобаға 65 мың адам қатысса, биыл бұл көрсеткіш одан да артады деп күтілуде.

Мемлекет басшысы «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасы аясында қоғамда «нөлдік төзімділік» қағидатын енгізу қажеттігін атап өтті. Бұл – кез келген заңсыздыққа, ұсақ құқық бұзушылыққа, вандализмге, алаяқтыққа және тәртіпсіздікке мүлде төзбеу мәдениетін қалыптастыру деген сөз. Тәртіп пен тазалық, әділдік пен жауапкершілік – қауіпсіз қоғамның басты негізі.

Ішкі істер органдарының алдында қылмысқа қарсы жүйелі және батыл шаралар қабылдау міндеті тұр. Бұзақылық, есірткі саудасы, жол апаттары сияқты мәселелерге немқұрайлы қарауға болмайды. Президент атап өткендей, «құқықтық мемлекетте қылмыс әлеміне орын жоқ, қарақшылықты түп-тамырымен жою қажет».

Сонымен қатар, жастарды әскери және азаматтық тәртіпке баулу, олардың бойында елге қызмет ету, заңға бағыну және қоғамға үлес қосу сезімін қалыптастыру маңызды. Әскер қатарында, оқу орындарында, көшеде де – тәртіп пен жауапкершілік бірінші орында болуы тиіс.

Нөлдік төзімділік саясатының тағы бір маңызды қыры – азаматтардың қоғамдық сана мен мәдени мінез-құлық деңгейін арттыру. Ұсақ құқық бұзушылыққа бейжай қарау – ірі заңсыздықтарға жол ашады. Сондықтан әр адам өз ортасында тәртіпті сақтауға, заңға бағынуға және өзгеге үлгі болуға тиіс.

Президент өз мақаласында атап өткендей:

«Біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап».

Заң үстемдігі мен азаматтық жауапкершілік қатар қалыптасқанда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстан құрылады. Бұл – барша жұрттың ортақ міндеті және келешек ұрпақ алдындағы аманат.

Ұқсас жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

admin

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

admin

ФинIQ – қаржылық сауаттылыққа арналған тест: Түркістан облысындағы тәжірибе

admin

Пікір жазу