Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпарат

ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДАН ӨЗІҢІЗДІ ЖӘНЕ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗДЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ

Қазіргі таңда интернет пен ұялы телефон арқылы жасалатын алаяқтық түрлері көбейіп келеді. Полиция қызметкерлері тұрғындарға, әсіресе аға буын өкілдеріне, кибералаяқтардың айла-тәсілдерінен сақ болуды ескертеді.

Алаяқтар кімдерді жиі алдайды?

Тәжірибе көрсеткендей, көбінесе 40 жастан асқан азаматтар, оның ішінде зейнеткерлер алаяқтардың арбауына түсіп жатады. Бұл жағдай олардың сенгіштігімен және алаяқтардың эмоцияға әсер ететін психологиялық қысым жасау әдістерімен байланысты.

Полицияның кеңестері:

🔹 Телефонға бейтаныс нөмірлерді анықтайтын қосымша орнатыңыз.
🔹 Ұялы байланыс операторынан қажетсіз қоңырауларды бұғаттайтын қызметті қосыңыз.
🔹 Қоңырау шалушы сіздің аты-жөніңізді немесе мекенжайыңызды білуі – оған толық сенуге себеп болмайды.
🔹 Телефон арқылы айтылған «шұғыл тексеру», «емдеу», «ақша аудару» туралы ақпаратты міндетті түрде нақтылаңыз.
🔹 Үйге бейтаныс адамдарды кіргізбеңіз.
🔹 Зейнетақы қоры, банк немесе мемлекеттік ұйымдар ешқашан бөтен есепшоттарға ақша аударуды сұрамайды.
🔹 Банк картасының нөмірін, ПИН-кодтарын және CVV-кодтарын ешкімге, тіпті банк қызметкерлеріне де айтпаңыз.

Сақ болыңыз – алаяқтар айла-шарғыны жиі өзгертеді!

Алаяқтар өз әдістерін үнемі жаңартып отырады: жалған сілтемелер жібереді, өздерін мемлекеттік қызметкер, дәрігер, банк қызметкері немесе туысыңыз ретінде таныстыруы мүмкін.
Сондықтан ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіз және күмәнді ұсыныстарға жедел әрекет етпеңіз.

Есте сақтаңыз:

Егер сіз немесе жақындарыңыз интернет немесе телефон алаяқтарының құрбаны болса, дереу полицияға жүгініңіз.
Құқық қорғау органдарына «102» нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Ұқсас жаңалықтар

ӘЖЕЛЕР ДАУЫС БЕРУДЕ

admin

Шымкенттік ҰОС ардагерлерге көлік кілті табысталды

admin

ТҮРКІСТАН: «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

admin

Пікір жазу