Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпарат

ӘЖЕЛЕР ДАУЫС БЕРУДЕ

Бүгін Сайрам ауданында өтіп жатқан әкім сайлауына аудандық әжелер ұйымының мүшелері де белсене қатысуда. Ақ жаулықты аналар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасап, ел болашағы үшін маңызды шешім қабылдауға үлес қосуда.

Қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген әжелер бұл саяси науқанның ел дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Олардың айтуынша, сайлауға қатысу – әрбір азаматтың ел алдындағы жауапкершілігі мен азаматтық борышы.

– Біз әрдайым жастарға ел ісіне бейжай қарамау керектігін айтып келеміз. Сайлау – елдің болашағын айқындайтын маңызды қадам. Сондықтан әркім өз дауысын беру арқылы туған өлкесінің өркендеуіне үлес қосуы тиіс, – дейді аудандық әжелер ұйымының мүшесі.

Әжелер ұйымының өкілдері тұрғындарды белсенді азаматтық ұстаным танытып, сайлауға қатысуға шақырды. Олар сайлаудың әділ және ашық өтуіне тілектестік білдіріп, ел бірлігі мен ынтымағының арта беруін тіледі.

Осындай өнегелі ісімен аналар қауымы жас ұрпаққа үлгі көрсетіп, қоғамдағы белсенді азаматтық позициясын тағы бір мәрте дәлелдеді.

#ӘКІМСАЙЛАУЫСАЙРАМ2025
#САЙРАМСАЙЛАУ2025
#МенДауысБеремін
#Ауданүшінтаңдаужасадым
#Сайлауғабардым

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

admin

Заң үстемдігі мен құқықтық тәртіп – Қазығұрт ауданындағы тұрақтылық кепілі

admin

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

admin

Пікір жазу