6 Желтоқсан, 2025. 15:28
Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпарат

АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНА ДАУЫС БЕРДІ

Сайрам ауданының Ақбұлақ ауылындағы №526 сайлау учаскесінде көп балалы ана, «Алтын алқа» иегері Қаламқас Нұртанова дауыс беріп, ауданның болашағы үшін өз таңдауы мен азаматтық ұстанымын білдірді.

Қаламқас апай еліміздің әрбір азаматы саяси науқанға белсенді қатысу арқылы мемлекет дамуына үлес қосатынын айтты.
«Біздің балаларымыздың болашағы жарқын болуы үшін әрқайсымыз өз дауысымызды беруіміз қажет. Сайлау – елдің тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі», – деді ол.

Айта кетейік, Ақбұлақ ауылындағы №526 сайлау учаскесінде тұрғындарға барлық жағдай жасалып, дауыс беру процесі заң талаптарына сай ұйымдастырылған.

#ӘКІМСАЙЛАУЫСАЙРАМ2025
#САЙРАМСАЙЛАУ2025
#МенДауысБеремін
#Ауданүшінтаңдаужасадым

Ұқсас жаңалықтар

Экономиканы цифрлық жаңғырту және адам капиталын дамыту – Қазақстан дамуының басты бағыты

admin

Заң және тәртіп-әділ Қазақстанды құрудың негізі

admin

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТІП ЖАТЫР

admin

Пікір жазу