Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Аймақ

ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРГЕ БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ СТИПЕНДИЯ ТАПСЫРЫЛДЫ

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың «Журналистика» кафедрасының үздік студенттеріне талантты журналист Бейсен Құранбек атындағы стипендия салтанатты түрде табысталды.
Биылғы дәстүрлі іс-шараны «Медиакратия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, белгілі журналист Ғалымжан Елшібай ұйымдастырып, демеушілік жасады.
Жиында Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың ректоры Жанар Темірбекова мен облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай Бейсен Құранбек туралы сөз қозғап, оның қазақ журналистикасына қосқан үлесі, елге жанашыр болмысы туралы айтты. Ал «Тurkistan» телеарнасының өкілі, танымал журналист Мәриям Әбсаттар ұстазы жайында есті естеліктерімен бөлісті. Бейсен Құранбектің адамгершілік, кәсібилік және адами қасиеттеріне тоқталды.
Шараға елімізге танымал тележурналист, «Тurkistan» телеарнасының ақпараттық сараптамалық хабарлар дирекциясының директоры Ғани Қалмахан, Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Мәлік Әлмахан, ақын Айдар Сейдазым, журналист Асылбек Досалы және факультет деканы Д.Елжанов бастаған оқытушы-профессорлар мен студенттер қатысты.
Кешті белгілі журналист, ғалым, композитор Бекжігіт Сердәлі жүргізді. Қарым-қабілетімен дараланған 3-курс студенті Қасиет Өмірбек, Әсел Мәулен және 2-курс студенті Ақжан Қуан ұлт журналистикасының жарық жұлдызы Бейсен Құранбек атындағы стипендияның иегері атанды.
Айта кетейік, келер жылғы озат студенттерге берілетін стипендияға қалалық «Түркістан» газетінің ұжымы демеушілік жасайтын болды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында Түркістанда тағы 348 отбасы қоныс тойын тойлады

admin

Түркістан туралы заң шаһарды дамуға жетелейді

admin

Түркістан: ауылдардағы медицина нысандарының инфрақұрылым жақсарту жалғасуда 

admin

Пікір жазу