Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Аймақ

ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫЛАР ТОБЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов ЮНЕСКО-ның тарихи-мәдени мұраны қорғау бойынша халықаралық сарапшылар тобының өкілдерімен кездесті. Белгілі археолог Дмитрий Воякин бастаған сарапшылармен маңызды мәселелерді талқылады.
Кездесу барысында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі аумағын абаттандыру және археологиялық саябақ жобасының ЮНЕСКО-ның қорғауындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне әсерін бағалау жобасын жүзеге асыру жолдары қаралды. Сонымен қатар жоспарланған жұмыстарды ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра комитетімен келісу қажеттілігі айтылды.
Сарапшылар қазіргі таңда осы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Зұлпыхар Сансызбайұлы халықаралық сарапшыларға атқарған жұмыстары мен ынтымақтастығы үшін алғыс білдіріп, Қазақстанның мәдени мұраны сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерін қатаң сақтайтынын және осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізетінін жеткізді.
Айта кетейік, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген. Кесенені қорғау мемлекеттің қатаң бақылауында тұр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

БІРЛІК ПЕН НӘТИЖЕЛІ ЕҢБЕКТІҢ ҮЛГІСІ БОЛҒАН АУЫЛ

admin

Сайрамда биыл 22 инвест-жоба жүзеге асып, 1 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады 

admin

Түркістан: Жетісайда тағы бір денсаулық сақтау нысаны қолданысқа берілді

admin

Пікір жазу