Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Аймақ

ТҮРКІСТАН: БАРЛЫҚ АУДАН ЖӘНЕ ҚАЛА АУМАҒЫНДА ЖАҢА ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕР ҚҰРЫЛУДА

Мемлекет басшысы Жолдауында инвесторлар тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы міндетті орындау мақсатында барлық аудан және қала әкімдіктеріне өңірде кемінде 5 өндірістік парк құру туралы Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтің тапсырмасы берілген.
Аудан және қала әкімдіктері өндірістік парктер түсетін жер телімдерін елді мекен аумағынан инфрақұрылым тартуға қолайлы және логистикалық икемді аумақтардан қарастырып, әлеуетті кәсіпкерлерге ұсынуда.
Аталған өндірістік ғимараттарда өндірістік жобалар, кіші қуатты өңдеу цехтары шоғырландырылып, тұрғындарға жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.
▪️Қазіргі таңда, Сауран ауданында кәсіпкерлердің есебінен 148 өндірістік жеке шағын өндірістік ғимараттар құрылуда. Сонымен қатар, Түркістан, Арыс қалалары мен Шардара, Ордабасы, Мақтаарал ауданындарында өндірістік ғимараттардың құрылыс жұмыстары басталды. Қалған аудан және қалаларда алдағы уақытта бастау жоспарлануда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан қаласы ерекше мәртебеге сай дамиды 

admin

Президент Жолдауы – 2025: Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар тапсырма берді

admin

ОТЫРАРДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

admin

Пікір жазу