Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Аймақ

ТУҒАН АУЫЛЫНА ЖЕДЕЛ -ЖӘРДЕМ КӨЛІГІН ТАРТУ ЕТТІ

Отырар ауданы, Балтакөл ауылының 60 жылдық мерейтойына жиналған көпшілік ерекше сәтке куә болды. Салтанатты жиында ауылдың тумасы, белгілі кәсіпкер Балтабай Асанов ауыл тұрғындарына үлкен тарту жасап, жаңа жедел жәрдем көлігін табыстады.
Салтанатты рәсімге аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асқан Байдуалиев қатысып, ауыл игілігіне жасалған игі іс үшін кәсіпкерге ризашылықтарын білдірді.
Бұл бастаманың ауыл халқының денсаулығын жақсартуға зор ықпал ететінін атап өткен ел ағалары жерлестеріне қолдау көрсеткен кәсіпкерге алғысын айтып, еңбегіне табыс тіледі.
Жаңа жедел жәрдем көлігі ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін арттырып, әлеуметтік маңызы зор игілікке айналары сөзсіз.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРДІ

admin

Түркістанның ерекше мәртебесі — ел мерейі 

admin

Түркістан: «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жаңа іс-шаралар қолға алынды

admin

Пікір жазу