Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Аймақ

Шардаралық 60 отбасыға азық-түлік үлестірілді

«Наурызнама» онкүндігінің жоспарына сәйкес, «Қайырымдылық күні» игі істер марафоны аясында Шардара ауданындағы аз қамтылған 60 отбасыға азық-түлік үлестірілді. Шара — ауданның 60 жылдығына орай өңір басшысының бастамасымен ұйымдастырылған. Қайырымдылық шарасына әлеуметтік сала мамандары мен аудандық орталық мешіт өкілдері атсалысқан.
Іс-шара көпбалалы отбасыларға ерекше көңіл бөліп, көмек көрсетуге бағытталған. Игі шара аясында көмек көрсетілген отбасылар ризашылықтарын айтып, ізгі ниеттерін білдірді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

БІРЛІК ПЕН НӘТИЖЕЛІ ЕҢБЕКТІҢ ҮЛГІСІ БОЛҒАН АУЫЛ

admin

БАЛТАКӨЛДЕ «ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

admin

Түркістан: Төлебиде 200-ден астам анаға сый-құрмет көрсетті

admin

Пікір жазу