Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Аймақ

ОТЫРАРДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмахановтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Мәжіліске комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және тиісті сала басшылары қатысты.
Комиссияның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап өтсек, 2025 жылдың 9 айында аудан аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөнінде атқарылған іс-шаралары туралы аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы, Полиция потполковнигі Жұмабек Төлегенов баяндама жасады.
Сондай-ақ, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Досхан Рахматуллаев жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған арнайы жол белгілері мен бейнебақылау камераларының жай-күйі туралы хабарлама жасады.
Бөлім маманының мәліметінше, 2025 жылы аудан аумағында жол белгілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Атап айтқанда, аудан орталығы – Шәуілдір ауылындағы «Жібек жолы» даңғылы, Д. Алтынбеков көшесі және ішкі көшелерге қажетті жол белгілері орнатылып, жасанды жол кедергілері мен жаяу жүргіншілер жолақтары сызылған.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін Шәуілдір-Төрткүл, Шәуілдір-Ақдала, Шәуілдір-Көксарай бағыттарындағы автожолдар бойына үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында арнайы ескерту паноларын орнату жоспарланған.
Жиын барысында Шілік ауылдық округінің әкімі Бауыржан Орынбасаров баяндама жасап, Шәуілдір–Шілік бағытындағы жол бойында орналасқан шаруашылық иелеріне ескерту берілгенін және ірі қара мен түйе сияқты ірі жануарларға түнгі уақытта жарық шағылыстыратын жапсырмалар орнатылғанын мәлімдеді.
Қорытынды сөз алған аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, ауылдық жерлерде қараусыз жүрген үй жануарларының иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және бақташы ұйымдастыруды ауылдық округ әкімдері мен жауапты бөлім басшыларына жүктеді.

Ұқсас жаңалықтар

Генерал Мұрат Қабденов: “Әр күні жұмыстан қайтқанда өзіңізге баға беріңіз!”

admin

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің Тұүркістан тұрғындарымен кездесуі өтті 

admin

Төлеби ауданының бас полицейі тағайындалды

admin

Пікір жазу